Қазақстандық боксшы Ерасыл Таңқай Софияда (Болгария) халықаралық «Странджа» турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Таңқай болгариялық Красимир Джуровпен кездесті. Бұл жекпе-жек 5:0 есебімен төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Ерасыл Таңқай турнирдің ширек финалына шықты. Айта кетейік, ол өткен жылы да «Странджа» турнирінде өнер көрсетіп, жүлде ала алмаған еді.