Петропавлдық «Қызылжары» Зоран Нижичпен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хорватиялық қорғаушы жергілік «ХНК Змай» командасында бастаған. Кейін белгиялық Брюссель» және «Хайдук» клубтарында доп тепкен.

Зоранның соңғы клубы «Ахмат». Соңғы командада қорғаушы 5 жыл өткізіп, капитан атанған.

Хорватия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы РПЛ-да 86 ойын өткізіп, Еуропа лигасында 22 матчқа қатысқан.