Қостанайлық «Тобыл» Түркиядағы ОЖЖ аясында ақпан айында болгариялық «Арда» клубымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі fcarda.bg сайтына сілтеме жасап.

Болгариялық клубқа қарсы ойын 8 ақпанға жоспарланған. Матч Түркияның Анталия қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі жолдастық кездесуде «Тобыл» Румынияның «Чахлэул» командасымен 1:1 есебімен тең түскен болатын.