Жартылай орта салмақтағы америкалық UFL лигасының Гран-при финалына дайындалып жатқан қазақстандық ММА файтері Николай Веретенников Prosports.kz сайтына UFC-дегі бұл дивизионның екіге – 74,8 келіге дейін және 79,4 келіге дейін бөлінуі мүмкін екендігі туралы өз пікір білдірді.

«Мұны жақын арада жасайтын шығар. Менің ойымша, бұл жақсы идея, себебі бұл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін файтер көп.

Шавкат Рахмонов үшін 79,4 келіде жекпе-жекке шығу қиын болмайды деп ойлаймын, салмақ қуу оңайырақ болады», - деді спортшы.