«Әл-Хилал» жазда «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандешті сатып алуға қайта тырысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының клубы 29 жастағы португалиялық футболшыны қысқы трансфер кезеңінде сатып ала алмаған болатын.

Бруну Фернандеш осы маусымда «Манчестер Юнайтед» сапында 30 матч өткізіп, жеті гол соғып, алты нәтижелі пас берді.