Transfermarkt порталы қаңтардағы ең қымбат трансферлер рейтингін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте бірінші орынды 40 миллион еуроға шабуылшы Витор Рокенің «Барселона» трансфері иеленді.

Екінші орында қорғаушы Саша Боэ тұр, оны «Бавария» 30 миллион еуроға сатып алды. Үздік үштікті Раду Дрэгушиннің «Тоттенхэмге» трансфері түйіндеді. Футболшы үшін клуб 25 миллион еуро төледі.

Үздік бестікке Элиф Элмас («РБ Лейпциг», 24 миллион еуро) пен Ренан Лоди («Аль-Хилал», 23 миллион еуро) енді.

Қаңтардағы топ-10 трансфер:

1. Витор Роке («Атлетико Паранаэнседен» «Барселонаға», 40 млн евро);

2. Саша Боэ («Галатасарайдан» «Баварияға», 30 млн);

3. Раду Дрэгушин («Дженоадан» «Тоттенхэмге», 25 млн);

4. Элиф Элмас («Наполиден» «РБ Лейпцигке», 24 млн);

5. Ренан Лоди («Марсельден» «Әл-Хиләлға», 23 млн);

6. Адам Уортон («Блэкберн Роверстен» «Кристал Пэласқа», 21,1 млн);

7. Габриэл Москардо («Коринтианстан» «ПСЖ-ға», 20 млн);

8. Лукас Бералдо («Сан-Паулудан» «ПСЖ-ға», 20 млн);

9. Артур Вермерен («Антверпеннен» «Атлетикоға», 18 млн);

10. Маркос Леонардо («Сантостан» «Бенфикаға», 18 млн).