БАӘ-де өтіп жатқан РПЛ қысқы кубогының екінші ойын күнінде алматылық «Қайрат» жергілікті «Шабаб Аль-Ахли» клубымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» - «Шабаб Аль-Ахли» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 22:30-да басталып, «Матч! Премьер» телеарнасында қолжетімді болады.

Айта кетейік, БАӘ чемпионы турнирге қатысуын Ростовтан (1:3) жеңіліспен бастады.