Камерундық шабуылшы Роберт Ндип Тамб Түркияда «Елімай» жаттығып жүрген жерге келді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Камерундық футболшы мансабын Польшада бастады. Одан кейін Словакияның «Спартак», түріктің «Аданаспор», румыниялық ЧФР және Молдавияның «Шериф» командаларында өнер көрсетті. Соңғы клубтар - қытайлық Шэньси Чанъань және Цзинань Синчжоу. Қытайда өткен үш маусымда ол 73 матч өткізіп, 33 гол соққан.

2016-2017 жылдары Камерун құрамасы сапында он ойын өткізген. 2017 жылғы Африка ұлттар кубогының жеңімпазы және 2017 жылғы Конфедерациялар кубогының қатысушысы.