Қазақстандық ММА файтері Магомед Кабардиев АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынында UFC файтері Асу Алмабаевпен сөйлесіп тұратынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz со тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз Асумен үнемі байланысып тұрамыз. Жаттығулар арасында бірге тамақтанамыз. Кеше моншаға бірге бардық. Одан кейін Азат Мақсұмның UFC-дегі жекпе-жегін тамашаладық. Ол келгенде, менің Kill Cliff-те жаттығатынымды білді. Сол жерде бір-бірімізді көріп, сөйлестік», - деді Кабардиев.

10 наурызда Алмабаев (18-2) Майамиде (АҚШ, Флорида) UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергараға (12-4-1) қарсы жұдырықтасады.

Алмабаев пен Кабардиев қазақстандық Дирфилд-Бичтегі Kill Cliff жаттығу залында жаттығады. Бұл залда Шавкат Рахмонов (18-0) UFC-дегі жекпе-жегіне дайындалады.