Бүгін, 5 ақпанда шабуылшы Криштиану Роналду туған күнін атап өтіп жатыр. Португалиялық футболшы 39 жасқа толды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әл-Насрдағы» бүгінгі жаттығуы басталмас бұрын футболшыға Криштианудың суреті бейнеленген торт сыйға тартылды.

Роналду тортты жеп көрмеді, бірақ әріптестерімен суретке түскеннен кейін өзіне бір бөлігін кесіп алды.

Криштиану саудиялық клуб сапында былтырдан бері ойнап келеді, ол клубта 50 матч өткізіп, 44 гол соқты.