Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Сайрамкез Ақмолда 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұлқа көтеруде 126 келіні көтерсе, серпе көтеруде 166 келіні бағындырды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша зілтеміршіміз 292 келі нәтижемен 2-орынға ие болды.

Ерлер. 67 кг

1. Ри Вон Джи (Солтүстік Корея) 317 келі (137+180)2. Сайрамкез Ақмолда (Қазақстан) 292 келі (126+166)3. Терават Ратфет (Таиланд) 286 келі (128+158)

Азия чемпионатында 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпайлар бөлінеді. Сары құрлық чемпионаты 10 ақпанға дейін жалғасады, оған 34 елден 192 спортшы қатысып жатыр.