«Жетісудің» жартылай қорғаушысы Давид Есімбеков ресейлік «Черноморецке» ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«ФНЛ с Ильевым» телеграм арнасының хабарлауынша, «Черноморец» «Жетісумен» 19 жасар жартылай қорғаушының ауысуы жөнінде келісімге жетті. Давидпен келісімшарт 3,5 жылға жасалды.

Давид Есимбеков өткен маусымда «Жетісу» сапында Премьер-лигада және Қазақстан Кубогында 22 матч өткізді. Сондай-ақ, ол Еуропа-2025 чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы құрамында екі ойынға қатысты.

Айта кетейік, «Черноморец» 20 турдан кейін ФНЛ турнирлік кестесінің 18-ші орнында жайғасып отыр.