Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы OCTAGON 55 турнирінің басты кардындағы тағы бір жекпе-жекті хабарлады.
Аса жеңіл салмақта қазақстандық Ырысбек Байдуллаев өзбекстандық Сухроббек Атажановпен кездеседі.
Айта кетейік, 16 ақпанда өтетін турнирде мега жекпе-жек жоспарланған. «Камиль карате» лақап атымен танымал тәжікстандық Камариддин Хасанов қырғызстандық Марсель Нурланбекпен кездеседі.
Кештің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Муртазали Магомедов өзбекстандық Сардор Худайбердиевпен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы жартылай жеңіл салмақтағы (65,8 келі) OCTAGON лигасының чемпионы атанады.
Комментарии