Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монпельеде өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде ATP рейтингінде 27-орында тұрған Бублик хорватиялық Борна Чоричті 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 18 минутқа созылды.

Айта кетейік, қазақстандық турнирдің әрбір матчында алғашқы сеттен ұтылып, ATP чемпионы атағын жеңіп алған алғашқы теннисші болды.