Шымкенттік «Ордабасы» 22 жастағы хорватиялық қақпашы Карло Сентичпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Карло Сентич - «Хайдуктың» түлегі. Өзінің мансабында ол хорватиялық «Вараждин» мен венгриялық «Дьошдьор» сапында да жалға ойнады.

Сентич 2023/24 жылғы маусымының бірінші жартысын Венгрия клубында өткізіп, қаңтарда «Хайдукқа» оралды. Ол «Дьошдьор» сапында 10 матч өткізіп, 13 гол жіберіп алып, бір рет қана қақпасын таза сақтай алды.