«Ақтөбе» футбол клубы боливиялық шабуылшы Леонардо Вакамен қошасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Вака «Ақтөбеде» қалмайды.

28 жастағы боливиялық ойыншы Леонардо Вака команданың Анталиядағы оқу-жаттығу жиынынан кетті.

Литвалық «Жальгирис» клубының бұрынғы шабуылшысы «Ақтөбемен» келісімшартқа отырған жоқ», — деп жазады клубтың баспасөз қызметі.