«Қайрат» футбол клубы БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны аясында ресейлік «Локомотивпен» жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында алматылық команда 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.

«Қайрат» – «Локомотив» – 1:4

Гол соққандар: Вячеслав Швырёв 41 – Сергей Пиняев 12, Марио Митай 22, Тимур Сулейманов 36, Владислав Сарвели 87

«Қайрат», бірінші таймда: Данил Устименко (Қ) – Лев Кургин, Арсен Буранчиев, Офри Арад, Егор Ткаченко, Еркебұлан Сейдахмет – Әділет Садыбеков, Мирас Оматай – Вячеслав Швырёв, Ян Труфанов, Элдер Сантана.

«Қайрат», екінші таймда: Никита Пивкин (Қ) – Иброхимхалил Юлдошев, Сұлтан Асқаров, Александр Широбоков, Дамир Қасаболат, Александр Мрынский – Дмитрий Сергеев, Андрей Ульшин – Гиорги Зариа, Сэйф Попов, Артур Шушеначев.

Айта кетейік, бұл «Қайраттың» жаңа маусым алдындағы шетелде өткізген алғашқы ойыны. Команда бұған дейінгі жаттығу жиынын Алматыдағы клуб базасында өткізген.