Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрлыхан Шархан Парижде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда ол испаниялық дзюдошы Николоз Шеразадашвилиден жеңіліп қалды. Енді Шархан турнирдің қола жүлдесі үшін швейцариялық Даниэль Эйхпен белдеседі.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша Grand Slam турнирінің чемпиондары әлемдік рейтингте 1000 ұпай, күміс жүлдегерлер 700, қола жүлдегерлер 500 ұпайға ие болады.