Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» өз алаңында «Амурға» қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч овертаймға дейін созылып, 3:2 есебімен қонақтар жеңіске жетті. Елордалық клуб сапында Роман Старченко мен Аркадий Шестаков шайба соқты.

«Барыс» (Астана) – «Амур» (Хабаровск) 2:3 ОТ (1:0, 0:1, 1:1, 0:1)Шайба соққандар: 1:0 - Старченко (Скленичка, Апальков), 04:14. 1:1 - Броадхерст (Мищенко, Хохлачев), 26:58. 1:2 - Дрозг (Щемеров, Шевченко), 48:09. 2:2 - Шестаков (Оберг, Скленичка), 51:35. 2:3 - Барулин (Коршков, Мищенко), 60:16.

Қақпашылар: Паскуале — БобковШтраф: 4:8 (0:6, 4:2, 0:0, 0:0).