Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирде алғашқы кездесуін өткізді. .

Юлия Путинцева испандық спортшы Ребека Машаровамен кездесіп, үш сетте 7:6, 4:6, 2:6 есебімен жеңілді. Матч жартылай финалдың іріктеу кезеңінде өтіп, 2 сағат 11 минутқа созылды.

Ойын барысында қазақстандық спортшы үш рет қос қателік жасады.

Іріктеу финалында испандық спортшы британдық теннисші Хизер Уотсонға қарсы ойнайтынын еске сала кетейік.