НХЛ комиссионері Гэри Беттмэн лига ойыншылары 2026 және 2030 жылғы Қысқы Олимпиада Ойындарына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«НХЛ хоккейшілері 2026 және 2030 жылғы олимпиадалық және халықаралық турнирлерге қатысатынын ресми түрде мәлімдеймін», — деді Беттмэн.

2026 жылы Олимпиада 6-22 ақпан аралығында Итальяның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. 2030 жылғы Ойындар 8-24 ақпанда екені белгілі, бірақ өтетін жері 2024 жылдың 23–24 шілдесінде ХОК сессиясында анықталады.