Бүгін жоғары лига командалары арасындағы допты хоккейден Ресей чемпионаты аясында оралдық «Ақжайық» Екатеринбургтің «СКА-Уральский Трубник 2» клубымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 6:3 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапында Максим Өтебалиев, Артем Лапшин және Нұрбол Бөкешов бір голдан соқты, Максим Пахомов хет-трик жасады.

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі ойында қазақстандық команда «Волга-Черемшан» клубынан 6:7 есебімен жеңіліп қалған болатын.