Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионаты аясында «Қайрат» АФК мен «Каспий» командалары екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

22-турдағы ойын 16:0 есебімен алматылық клубтың пайдасына аяқталды. Деннис пента-трик, Алиссон покер, Рашит хет-трик, Рикардиньо дубль, Кнауб пен Денер бір голдан соқты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше өткен кездесуде «Қайрат» «Каспийді» 17:1 есебімен жеңген болатын.

Қазақстан чемпионаты. 22-тур

«Қайрат» - «Каспий» 16:0