Қазақстандағы жаңа промоушен UNDERDOG MMA олдскул форматындағы екінші Гран-приіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы турнирге 8 файтер қатысады:

Хасан Юсупов (5-1, Қырғызстан) – Адильбек Каиргали (5-2, Қазақстан)Курбан Идрисов (1-0, Бахрейн) – Роман Талайбеков (дебют, Қырғызстан)Азизхон Азимов (3-2, Өзбекстан) – Микаэль Джумев (2-0, Қазақстан)

Кокай Абдыкадыров (2-0, Қазақстан) – Михаил Люсиков (0-1, Қазақстан).

Бүгін, 3 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:00-де NDRDGMMA youtube-арнасынан аталған Гран-придің премьерасын көруге болады.

Айта кетейік, турнир олдскул форматында кәсіпқой аралас жекпе-жек ережесі бойынша өтеді, онда файтерлер чемпионды анықтау үшін бір кеште барлық жекпе-жегін өткізеді.

Бас серіктес: Parimatch

UNDERDOG MMA сусыны: Gorilla Energy

Powered by UNDERDOG