Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында ресейлік «Ахмат» пен «Сочи» арасындағы жолдастық кездесуге барды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Магомед Адиев «Ахмат» - «Сочи» матчына Қазақстан құрамасының бапкерлер штабымен бірге келді.

Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Адиев ойыншы кезінде «Ахматта» ойнаған, сонымен қатар 2017/18 және 2019/20 жылғы маусымдарында Грозный клубының бас бапкерінің көмекшісі болған.