Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі турнирдің жекелей сында ширек финалдық кездесуінде қазақстандық теннисшілер Александр Бублик (әлемнің 27-ші ракеткасы) пен Александр Шевченко (АТР бойынша 59-шы нөмір) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бублик үш сетте 4:6, 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Ойын екі сағат сегіз минутқа созылды.

Енді жартылай финалдық кезеңде Александр теннисшілер Гарольд Майло (Франция) - Феликс Ожер-Алиассиме (Канада) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Бублик пен Шевченко Қазақстанның бірінші және екінші ракеткалары.