Орталық Азиядағы жетекші лиганың тағы бір файтері әлемнің үздік промоушенімен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бекзат көптеген тартысты жекпе-жектер арқылы OCTAGON-да өзін көрсете білді және аралас жекпе-жек әлеміндегі мықты файтерлердің біріне айналды. Алмахан қиын қарсыластарға қарсы сәтті өнер көрсетіп, лига тарихына ең дарынды спортшылардың бірі ретінде енді.

Біз бұл соңғы 9 айда OCTAGON-ның екінші спортшысының UFC-ге енуін мақтан тұтамыз. Бұл OCTAGON Орталық Азиядағы ең үздік спортшылардың армандары орындалатын орынға айналғанын да растайды.