Қазақстандық файтер Фаниль Рафиков пен әзербайжандық Нариман Аббасов 26 сәуірде NAIZA FC турнирінде жекпе-жекке шығады.

Фанильдің айтуынша, спортшылар жекпе-жектің қандай статусқа ие болатынын күтіп отыр.

- 26 сәуірде жекпе-жек. Ресми. Енді оның мәртебесін күтіп отырмыз. Бәске титул тігіле ме, әлде басқаша бола ма. Өз басым, жекпе-жекті асыға күтемін, - деді Рафиков legalbet.kz басылымына.