25 ақпан және 1 наурыз аралығында Қарағандыда MMA бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталған чемпионат Қарағанды қаласындағы "Жастар" спорт кешенінде өтеді. Оған 16-17, 18-20, 21+ жас санаттарындағы жекпе-жек шеберлері қатысады.

Біріккен ММА федерациясының Instagram парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, жуырда тағы келесі жарыстар өтеді:

2-4 ақпан, Шымкент қаласында MMA бойынша іріктеу чемпионаты;

3-4 ақпан, Астана қаласында MMA бойынша іріктеу чемпионаты (14-15, 16-17, 18-20.21+ жас санаттары бойынша);

3-4 ақпан, MMA аралас жекпе-жек спорт түрлерінен Батыс Қазақстан облысының жарысы;

3, 12 ақпан, Алматы қаласында MMA бойынша іріктеу чемпионаты;

10-11 ақпан, MMA аралас жекпе-жек бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионаты.