«Астана» ВТБ Бірегей лигасы аясындағы матчта өз алаңында «Енисей» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 69:97 есебімен аяқталды.

Қазақстандық клуб сапындағы ең нәтижелі ойыншылар: 17 ұпайдан жинаған Маркелл Джонсон мен Ройс Хэмм, Карвел Андерсон - 16 ұпай, Василий Пушица - 7, Девин Дэвис пен Джордан Скиппер-Браун - 5 ұпай, Рустам Мұразағалиев - 2 ұпай жинады.