Қарағандылық «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар мәскеулік «Спартактың» екінші командасымен кездесті. Матч 2:2 есебімен аяқталды.

Қазақстандықтар сапында Айбар Абдулла мен Руслан Тұтқышев голдың авторы атанды.

«Шахтердың» негізгі құрамы: Цуприков, Алишаускас, Стаменкович, Толордава, Савкив, Каньяс, Тәттібаев, Назымханов, Ашортия, Захаренко, Абдулла.