Қарағандылық «Шахтер» клубында сербиялық қорғаушы Филип Стаменкович қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы ойыншының кейінгі клубы өзбекстандық «Металлург» болды. Стаменкович Бекабад қаласының командасы сапында жалпы 5 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

Футболшы ресейлік «Велес», сондай-ақ сербиялық «Раднички Белград», «Динамо» Вране және «Златибор» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.

Айта кетейік, 2023 жылы желтоқсанда Стаменкович қызылордалық «Қайсарда» қаралымнан өткен, бірақ тараптар келісімшарт жасаспады.