2-4 ақпан күндері Парижде (Франция) Grand Slam турнирі өтеді. Аталған бәсекеге 110 елден 661 спортшы қатысады. Парижде өтетін Grand Slam жарысында ел намысын Қазақстан ерлер құрамасы қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының құрамы:
60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Есен Қуанов73 келі: Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мусаев90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков100 келі: Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев+ 100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.