Петропавлдық «Қызылжардың» жартылай қорғаушысы Шоқан Абзалов Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында польшалық «Лехияға» (0:1) қарсы өткен жолдастық кездесуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Ойын жұмыстың көптігіне байланысты қиын болды, бірақ бапкер қойған тапсырмаларды орындадық деп ойлаймын. Мүмкіндіктер болды, бірақ гол соға алмадық. Келесі матчтарда гол соғамыз деп ойлаймын.