Бүгін, 31 қаңтарда осы күндері Катарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогының барлық ширек финалдық жұптары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сәрсенбі күні соңғы жұпты Жапония мен Иран құрамалары құрады. 1/8 финалда жапондықтар Бахрейнді 3:1 есебімен ұтса, ирандықтар пенальти сериясында Сирияны турнирден шығарды (2:1).

1/4 финал матчтары:

Тәжікстан - Иордания

Австралия – Оңтүстік Корея

Иран - Жапония

Катар - Өзбекстан

2024 жылғы Азия кубогының финалы 10 ақпанда өтеді.