Бүгін Сауд Арабиясының жолдарында «Алула туры» көпкүндік веложарысының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезеңнің жеңімпазы Uno-X Mobility компаниясынан норвегиялық велошабандоз Сорен Варенсжольд атанды. Астана сапындағы Хенок Мулубырхан мәреге екінші болып жетті. Үздік үштікті Нилс Экхофф (Team dsm-firmenich PostNL) аяқтады.