Team Falcons халықаралық командасы Dota 2-ден ESL One Birmingham 2024 жабық іріктеуінің гранд-финалында PSG Quest командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Цзинцзюнь Sneyking У командасы чемпионаттың негізгі кезеңіне өтті.

PSG Quest екінші орын алып, турнирде өнер көрсетпейді. Еске сала кетейік, бұған дейін турнирге Team Spirit, Klim Sani4, Talon Esports, Shopify Rebellion және G2 Invictus Gaming жолдама алған болатын.

ESL One Birmingham 2024 жабық іріктеу кезеңі 28-30 қаңтар аралығында өтті. Қатысушылар LAN чемпионаттың екі жолдамасын сарапқа салды.