16 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингісінде 16-орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Омарханов отандық жасөспірімдер арасындағы ең үздік көрсеткішті тіркеп отыр.

Бұған дейін қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте дәл бұлай жоғарылаған емес.

Осыған дейін рейтингте 27-сатыда тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жеткен болатын.