26 жастағы қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (17-1) UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жақын арада спортшының әлемнің ең үздік лигасындағы дебюті жоспарланған. Қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күні жақын арада белгілі болады.

Алмахан OCTAGON лигасында барлық жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Алмахан соңғы тоғыз шайқасын сенімді жеңіспен аяқтаған.

Қараша айында өткен OCTAGON 52 турнирінде Бекзат жекпе-жек аяқталуға 2 секунд қалғанда бразилиялық Ян Ферразды нокаутқа түсірді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы тағы бір отандық OCTAGON лигасының спортшысы Азат Мақсұм (17-0) UFC-мен келісім-шартқа отырып, 4 ақпан күні таңертең Чарльз Джонсонға қарсы (13-6) ұйымдағы екінші жекпе-жегін өткізеді.