Бүгін Өзбекстан құрамасы футболдан Азия кубогының ширек финалына шығу үшін Таиландқа қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гол соққандар: Азизбек Тұрғынбоев, Сарачат Супачок, Аббосбек Файзуллаев.

Бұл кездесуде 2:1 есебімен Өзбекстан құрамасы жеңіске жетті. Өзбекстан құрамасы Азия кубогының ширек финалына шықты.

3 ақпан күні Өзбекстан құрамасы Катар құрамасымен кездеседі.