Бүгін Сауд Арабиясында «Алула туры» көпкүндік веложарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңнің көшбасшысы Team dsm-firmenich PostNL командасының голландиялық велошабандозы Каспер ван Уден болды. Team Jayco AlUla атынан шыққан голландиялық спортшы Дилан Гроневеген мәреге екінші болып жетті. Үздік үштікті Soudal - Quick Step командасынан бельгиялық Тим Мерлиер жапты.

Астана командасының сапындағы ресейлік Глеб Сырица мәреге тоғызыншы келді