Шымкенттік «Ордабасы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында спарринг серіктестерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

4 ақпанда Александр Седнев шәкірттері армяндық «Пюникпен», 10 ақпанда ресейлік «Факельмен», ал алты күннен кейін Киевтің «Динамосымен» ойнайды.

Бұған дейін «Ордабасы» барлық қарыздарын жауып, жаңа маусымға 4,3 млрд теңге көлемінде қаржы алғаны хабарланған болатын.