Үш салмақ дәрежесі бойынша жеңіліп көрмеген әлем чемпионы америкалық Шакур Стивенсон (21-0, 10 КО) әлеуметтік желіде кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен бокстан ресми түрде кетемін. Залда жаттығып, өз бабымды ұстап тұруға тырысамын және болашақ ұрпаққп армандарын орындауға көмектесемін, бірақ қазір мен кәсіби спортшы емеспін», - деп жазды Стивенсон.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде Стивенсон доминикандық Эдвин Де Лос Сантосты жеңіп, жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша бос титулды (61,2 келіге дейін) жеңіп алған болатын.