«Атырау» Беларусь шабуылшысы Николай Сигневичпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Transfermarkt.de мәліметінше, футболшымен келісімшарт 2024 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.

Айта кетейік, Сигневич кейінгі рет алаңғабылтыр қаңтар айында шыққан болатын. Футболшы маусымды жарақатынан айығумен өткізді, ал күзде ол еркін агент атанды.

31 жастағы шабуылшының кейінгі клубы грекиялық «Аполлон» болды. Футболшы команда сапында 22 матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.