Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында классикалық шаңғы жарыстарынан 7,5 шақырымдық қыздар бәсекесі мәресіне жетті.

Аталған сында Қазақстан намысын Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова қорғаған болатын. Өкінішке қарай екеуі де жүлделі орындарға іліне алмады. Виолетта Митропольская 7,5 шақырымдық қашықтықты 24:06.8 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 25-ші болып кесіп өтсе, Милана Мамедова 27:28.8 уақыт көрсеткішімен 52-орынға табан тіреді.

Жарысқа 78 спортшы қатысты.

1-орын – Нелли - Лотта Карппелин — 22:19.6

2-орын – Франция - Агазе Маргрейзер — 22:30.1

3-орын – Франция - Аннете Коупат — 22:32.3

25-орын – Қазақстан - Виолетта Митропольская — 24:06.8

52-орын – Милана Мамедова — 27:28.8.

Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.