Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев әлемдегі ең үздік промоушендегі келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Асу Алмабаев АҚШ-тағы Kill Cliff FC спорт залында Генри Гуфт пен Саид Сапаровтың жетекшілігімен жаттығуды бастады», - деп хабарлады Алмабаевтың командасы.

Естеріңізге сала кетейік, 9 наурызда қазақстандық файтер Майамиде өтетін UFC 299 турнирінде америкалық спортшы Си Джей Вергарамен кездеседі.