2023 жылы Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінің қола медаль иегері Надежда Рябец мансабын аяқтады.

адежда боксшы мансабындағы жарқын сәттерін бір видеоға сыйдырып, Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

"Мансабымды аяқтадым. Иә, мен шынымен бокстан кете тұрамын. Өмірімнің ең керемет уақытын сарп еткім келмейді. Жақындарыммен бірге болғым келеді. 2023 жыл мен үшін шешуші жыл болды. Маған спортпен қоштасу қиынға соқты. Бокстан кетуіме спортшыға жақсы қарым-қатынастың жасалмауы себеп болды", - деп жазды ол.

Спортшы жазбасында мансабын аяқтауға мәжбүр болғанын және басшылыққа наразы екенін мәлім еткен.

"Қазір менде бәрі жақсы, өмірімді күннен күнге жақсартып, дамып жатырмын. Ал арман ше? Арманның күлі көкке ұшты. Мүмкін бәрі түзелген кезде спортқа қайтып оралармын",– деп жазды Рябец.