19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Көбеев беларусьтік «Ислочь» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 жастағы жартылай қорғаушы алматылық «Қайраттың» түлегі. Көбеев Қазақстан Бірінші лигасында өнер көрсететін «Қайрат-Жастар» командасының вице-капитаны болған. Бірінші лигада 40 матчқа қатысып, 2 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. 2021 жылдың күзінде ол УЕФА жастар лигасына қатысты.

Мирас негізгі команда сапында Қазақстан кубогының үш ойынына қатысқан.

Қазақстан жасөспірімдер (U-17) және жастар (U-19) құрамаларына шақырылды.