WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жақында рингке оралуға дайындықты бастайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімханұлы әлеуметтік желіде: «Рингті сағындық! Құдай бұйырса, жақында Америкаға аттанамыз!», – деп жазды.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының бұған дейінгі жекпе-жегі қазан айында Розенбергте (Техас, АҚШ) өткен, ол IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы германиялық Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) жеңіп, белбеулерді біріктірді.