Қазақстандық боксшы Асқат Жантұрсынов (6-1, 5 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін 31 қаңтарда Бакуде (Әзербайжан) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы пәкістандық Камбер Али Хамдани (4-2, 4 КО) болады. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған. Айта кетейік, бастапқыда Жантұрсынов Грузия боксшысы Мугавил Мұсаевпен (3-1, 2 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған болатын.

Асқат Жантұрсынов бұған дейінгі жекпе-жегін өткен жылдың 30 сәуірінде Түркияның Стамбул қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Сердар Ширинді (4-2-1, 1 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.